Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Өскемен тұрғыны ойыншық тапаншамен дүкен тонады

Өскеменде белгісіз адам ойыншық тапаншамен гүл сататын дүкенге қарақшылық шабуыл жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өскемен тұрғыны ойыншық тапаншамен дүкен тонады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Полиция қызметкерлері гүл сататын дүкеннің сатушысын тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, кассадан 40 мың теңге алып, бой тасалаған күдікті ер адамды ұстады. Сатушы қылмыс жасалғаны туралы полицияға хабарлаған. Дүкен ішінде видеокамера болмаған. Дегенмен, «Сергек» аппараттық-бағдарлама кешенінің және зардап шегушінің күдіктіні сипаттап беруінің арқасында Өскемен қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері оны анықтап, ұстады. Ұсталған адамнан қара түсті ойыншық тапанша мен ақша қаражаты тәркіленді», - деді Өскемен қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Ғалымбек Тұрысбеков. Полиция басқармасының мәліметінше, ұсталған 40 жастағы қала тұрғынына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда тұрғын үй саудасы түсіп барады

тұрғын үй нарығы

Атырау облысында полицейлерді тепкілеген үш тұрғын сот залында қамауға алынды

блогер соты

Қазақстанда әкімдіктердің біржолғы төлемін кім алатынын енді ЖИ анықтайды

көмек

Қазақстанда Egov 3.0 порталы іске қосылды

eGov Mobile