USD
USD
USD

Өскемен тұрғыны әйелін үйде өзі босандырып алды

Өскемен қаласында ер адам әйелін үйде өзі босандырып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өскемен тұрғыны әйелін үйде өзі босандырып алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 11 желтоқсан күні болған.

Жүктіліктің 37 аптасындағы әйел кенет толғата бастайды. Сол кезде күйеуі бірден жедел жәрдем шақыртқан.

Алайда медицина қызметкерлері келіп жеткенше диспетчер ер адамға телефон тұтқасын қойғызбай, не істеу керектігін түсіндіріп отырды.

«Диспетчер оған әйелін босандыру үшін кезең-кезеңімен нұсқаулықтар берді. Телефонды дыбыс күшейткішке қойған азамат әр айтқан әрекетті қайталап отырды. Көп ұзамай әйел аман-есен босанып, шақалақтың жылаған үні естілді», - делінген ақпаратта.

Содан соң диспетчер баланы анасының кеудесіне қоюға кеңес берген.

Сәлден кейін жедел жәрдем қызметкерлері де келіп жетті.

Қазір оқып жатыр

2,6 млрд теңге субсидия заңсыз алынған: экс-депутаттың ісі сотқа жолданды

Бекет Әбішев

«Алтыншы күн қатарынан комада жатыр»: Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады

Баум тоғайында құлаған ағаш

Қазақстан гуманитарлық көмек ретінде Ресейге 50 мың тонна бензин жіберуі мүмкін

Ресейге бензин жеткізу

«Кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілерді бопсалаған»: Шымкентте блогер ұсталды

Шымкенттегі блогер