USD
USD
USD

Өскемен полицейлері жоғалған жасөспірімді тапты

Өскемен полицейлері жоғалған 15 жастағы жасөспірімді тапты, – деп хабарлады Polisia.kz.

Өскемен полицейлері жоғалған  жасөспірімді тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қалалық Полиция басқармасы полицейлерінің үйлесімді және жедел іс-қимылдарының арқасында 10 қазанда үйден достарымен серуендеуге шыққан, бірақ қайтадан үйіне оралмаған 15 жастағы жасөспірім табылды. Сол күні “102” жедел каналына 52 жастағы ер адам қоңырау шалып,  жасөспірім ұлын іздеуге көмек сұраған.

 Ер адамның айтуынша, оның 2007 жылы туған ұлы мектептен келген соң достарымен серуендеп келуді сұраған, бірақ қайтып үйіне оралмаған. Ер адам өз бетінше ұлын табуға тырысқан, бірақ нәтиже бермесе керек. Содан кейін әке полициядан көмек сұрауға шешім қабылдаған. Кәмелетке толмағанның орналасқан жерін анықтау мақсатында дабыл бойынша жедел-іздестіру тобы дереу жиналды.

 – Қабылданған шаралардың нәтижесінде кәмелетке толмаған баланы Өскемен қаласы ПБ КПБ қызметкерлері Шмелев Лог ауданындағы гараждардың жанынан тапты. Кәмелетке толмаған бала достарымен сағат 18.00 шамасында кездескеннен кейін гараждарға барып, таңертеңге дейін сол жерде болғанын айтты. Ата-аналар ұрсады деп қорқып, үйге оралуға батылы бармаған. Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына ештеңе қауіп төндірмейді. Үйге аман-есен жеткізілді, – деп түсіндірді Өскемен қаласы Полиция басқармасының бастығы Андрей Мула. Табылған жас жігіттің ата-анасы құқық қорғау органдарына және барлық қамқоршыларға кәмелетке толмаған ұлын іздеуге көмектескені үшін үлкен алғысын білдірді.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев