USD
USD
USD

Өскемен қаласының ежелгі атауы белгілі болды

Өскемен мың жылдық тарихы бар шаһар атануы мүмкін. Өйткені қаланың көнеде Кеңгір-тұра деп аталғаны туралы дерек табылы, деп хабарлайды Хабар-24.

Өскемен қаласының ежелгі атауы белгілі болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Гарвард Университетінің ғылыми қызметкері, отандасымыз Нұрлан Кенжеахмет осындай жаңалық айтты. Тарихи мәлімет тұрғындарды селт еткізгені рас.

Бір ақиқаты Шығыс Қазақстан облысы археологиялық қазбаларға ең бай өлке. Аймақта тарихтан сыр шертетін жәдігерлер мен деректер табылуы хақ. Өскеменнің өткені туралы тың дерек мұхиттың ар жағынан жетті. Қаланың көне атауы Кеңгір-тұра болуы әбден ықтимал. АҚШ-тағы қазақ ғалымы осындай пікірде.

Жалпы зерттеушінің бұл ойды ұстанып келе жатқанына 10 жылдан асыпты. Енді ол Гарвард университетінің кітапханасынан сөзіне сенім беретін құнды мәліметтер тапқан. Кеңгіртұра туралы жазбалар диссертация беттерінен шыққан.

Мәнжүр патшасынан қалған 1760 жылғы картада да Кеңгір Тұра атауы тайға таңба басқандай тұр. Өскеменнің үстінен Кеңгір өзені өткендігі туралы да материалдар бар дейді ғалым. Жергілікті ғалымдар да  Өскеменнің өзі талай тарихи сырды басып жатқанын растайды. Археолог Галина Петенева Ақбауыр археологиялық кешенін зерттеумен айналысады. 40 жылдан астам осы салада қызмет етіп келе жатқан ол Өскеменнің маңы Ертістің бойы жәдігерлерге тұнып тұр дейді.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе