USD
USD
USD

Өскемен тұрғынынан 6 млн теңге бопсалаған әйел ұсталды

Өскемен қаласының полицейлері жергілікті тұрғыннан 6 млн теңге бопсалаған әйелді қолға түсірді.

6 млн теңге
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары 26 жастағы әйелді ақша алып жатқан жерінен ұстаған.

Белгілі болғандай, әйел жәбірленушімен бұрын таныс болған. Оны жеке басына қатысты ақпаратты таратамын деп қорқытып, 6 миллион теңге талап еткен. Ер адам полицияға жүгінді. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері бопсалаушыны қолға түсірді, - делінген ақпаратта.

Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық мән-жай анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Астанада 4,4 млрд теңгенің пәтерлерін жалған үлескерлер арқылы иемденбек болғандар әшкереленді

Күдікті

Алматыда Санжар Боқаевқа қатысты сот процесі басталды: оған бес бап бойынша айып тағылды

Санжар Боқаев

Қоқыстан табылған нәресте өлімі бойынша экс-полицей өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Сталкинг

Астана кәсіпкерлер палатасының басшысы өзге адамның ЖСН-і арқылы бәс тікті деген айыптауға жауап берді

Қанат Әлин