27 Қараша 18:47
...

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар қызметінен босатылды

Жақсылық Омар
Фото: gov.kz

Жақсылық Омар әлеуметтік желідегі парақшасында бұдан былай Өскемен қаласының әкімі емес екенін мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Ол қала тұрғындарына арнап үндеу жолдады.

«Қымбатты өскемендіктер! Алты жыл деген аз уақыт емес, көп те емес. Осы аралықта сіздермен бірге қаланың ыстығына күйіп, суығына тоңып, шама-шарқымыз келгенше қызмет атқардық. Ұзақ сөйлемей, қысқаша қайырып айтатын болсам, қала басшысы лауазымындағы қызметім тәмамдалуда. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Өз басым осынау көрікті шаһар, Өскемен қаласының тұрғындарына, яғни сіздерге, ел басшылығына маған сенім білдіргендеріңіз үшін алғыс білдіремін!», - деді Жақсылық Омар үндеуінде.

Жақсылық Омар 1980 жылы Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген.

2001 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «география», 2010 жылы Қазақ гуманитарлық заң иноовациялық универсиетін «жергілікті және мемлекеттік басқару» мамандықтары бойынша тәмамдаған. 2018 жылы экономикалық ғылымдар магистрі атағын иеленген.

2001-2004 жылдары Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде.

2004-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінде.

2007-2009 жылдары «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ.

2009-2009 жылдары «Арна медиа» Ұлттық ақпараттық холдингі» АҚ-ында қызмет етті.

2009-2010 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі.

2010-2011 жылдары Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары, бастығы.

2011-2013 жылдары Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының бастығы.

2013 жылғы 27 мамырда Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Желтоқсан айынан бастап 2016 жылдың тамыз айына дейін 2018 жылға Алматы облысы әкімінің орынбасары.

2018 жылдан бері Өскемен қаласының әкімі болды.