USD
USD
USD

Өскемен халқын 1 млрд теңге шығынға батырған құрылыс компаниясының басшысы сотталды

Өскеменде үш тұрғын үй саламын деп халықтан бір млрд теңгеден астам қаражат жинап алған құрылыс компаниясының иесіне сот үкімі шықты. 

Сот шешімі
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Белгілі болғандай, 2021 жылдың наурыз айында кәсіпкер өзінің компаниясы туралы жалған кіріс анықтамасын әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияға (ӘКК) тапсырған.

- Осы жалған мәліметтердің негізінде ол ӘКК-ден құрылысқа деп 206 млн теңге көлемінде қаржы алған. Алайда кейін құрылыс материалдарының қымбаттауы мен бюджет тапшылығын алға тартып, болашақ пәтер иелерінен қосымша қаражат жинай бастаған, - делінген ақпаратта.

Алайда құрылыс сол күйі аяқталмаған. Ал жиналған қаржы ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Сот кәсіпкерді аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды.

Қазір оқып жатыр

Негізгі ҰБТ басталғалы төрт аптада төрт жүздей ереже бұзушылық анықталған

ҰБТ

Выручка аз, таза табыс көп. Құлыбаевтың мұнай бизнесі НЕГЕ аномалияға ұшырады?

Каспий нефть

Назарбаев Amanat партиясына мүше емес – Айдос Үкібай

Назарбаев

Германияда Facebook қолданушылары канцлер Мерцті қорлағаны үшін айыппұл арқалады

Мерц