USD
USD
USD

Өскемен әуежайының басшыларына ақша жымқырды деген айып тағылды

ҚМА ШҚО бойынша департаменті Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен «Өскемен әуежайы» АҚ басшылығына қатысты қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану, аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру фактілері бойынша тергеуді аяқтады.

Өскемен
Фото: ҚМА

Алматы, NEGE. Бес жыл бойы акционерлік қоғамның бұрынғы президенті мен өзге де лауазымды тұлғалары еңбекақыны негізсіз көбейту, жалған сыйақылар мен жалған шарттар жасау арқылы жүйелі түрде ақша жымқырған. Жымқырылған қаражат кейін касса арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылған.

Қоғамға тиесілі көлік құралдары бухгалтерлік есептен шығарылып, нарықтағы құнынан бірнеше есе төмен бағамен сенімді тұлғаларға сатылған.

Сонымен қатар, қоғамның коммерциялық нысандары жеңілдетілген шарттармен жалға берілгені анықталды: яғни, жалдау ақысы төмендетіліп, нақты жалға берілген аумақ азайтылып көрсетілген.

Мемлекетке келтірілген жалпы залал – 157 млн теңге.

Сот санкциясымен күдіктілердің 126 млн теңге көлеміндегі мүлкіне (4 пәтер, жер учаскесі және 2 автокөлік) тыйым салынды.

Күдіктілер қамауға алынды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Қазір оқып жатыр

Жетісу облысында психикалық бұзылыстары бар адамдар көлік жүргізіп келген

жолдағы жылдамдық

Атырау облысында хирург МӘМС аясында тегін жүргізілетін отаға ақы алып келген

алаяқтық

Алматыда автобустың дөңгелегі шұңқырға түсіп кетіп, жолды жауып тастады

ор

ҰБТ-да смартфон мен шпаргалка алып өтпек болған 522 талапкер тесттен шеттетілген

ҰБТ