«Оскарды» табыстау рәсімі ақпан айында өтеді
«Оскарды» табыстау рәсімінде 5 дүркін «Грэмми» сыйлығының иегері ән шырқайды. Бұл туралы Америка киноөнер академиясы Twitter-де жазды.
Алматы, NEGE. Америка киноөнер академиясының «Оскар» сыйлығының 92-ші рәсімі 9 ақпанда Лос-Анджелесте өтеді. Шараны АВС телекомпаниясы тікелей эфирден көрсетеді. Билли Айлиш «Оскар» сыйлығын табыстау рәсіміне қатысуға жолдама алды.
Айта кетейік, 26 қаңтарда Айлиш «Грэмми» музыкалық сыйлығында жұртшылықты таңғалдырып, бес марапатқа қол жеткізді. 2019 жылдың желтоқсанында 18 жасқа толған әнші «Үздік жас орындаушы» деп танылса, Bad Guy әні оған «Жыл әні» және «Жыл таспасы» санатында жеңіс әкелді. Бұдан бөлек, Айлиштің When We All Fall Asleep, Where Do We Go? пластинкасы «Жыл альбомы» марапатына ие болды.
Қазір оқып жатыр
«Болашақ» талапқа сай келмейтін 340 адамға 7,7 млрд теңге шәкіртақы төлеген
Қыз алып қашу заң талаптарын өрескел бұзу болып саналады – Артур Ластаев
Қазақстан өнеркәсіптік әлеуетін арттыруда: жаңа зауыттар, энергетика және өңірлерге тартылған инвестициялар
Спорт министрлігі: «Асаубаеваның дайындығына 2026 жылы 100 млн теңге бөлінді»