USD
USD
USD

«Оскар» сыйлығын тапсыру салтанаты қашан өтеді?

2021 жылдың 28 ақпанына жоспарланған «Оскар» сыйлығын тапсыру салтанатының мерзімі ауысты. 

«Оскар» сыйлығын тапсыру салтанаты қашан өтеді?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сонымен, айтулы мерекелік шара келесі жылы 25 сәуірде өтетін болды. Коронавирус эпидемиясына байланысты биыл жыл соңында жарыққа шығуы тиіс бірқатар фильм жұмысы бітпей қалған. Сол себепті «Оскар» салтанатын ұйымдастырушылар фильмдерді таныстыру мен сыйлыққа ұсыну уақытын созды.

Сыйлықтан үміткер туындылар тізімі алдағы жылдың 15 наурызында жариялады. Сыйлық тапсыру салтанатын онлайн немесе оффлайн форматта өткізу туралы шешім әлі қабылданбаған.

«Оскар» сыйлығын таспыру салтанатының уақыты осымен төртінші мәрте өзгерді. 1938 жылы Лос-Анджелестегі су тасқысынына байланысты салтанатты кеш бір аптаға кешіккен. Адам құқықтарын қорғаушы Мартин Лютер Кингтің кісі қолынан қаза табуы, президент Рональд Рейгенге жасалған қастандық оқиғасына байланысты да «Оскар» салтанатын тапсыру уақыты ауыстырылған.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.