USD
USD
USD

Оскар–2026: марапат иегерлері анықталды

АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында 98-ші «Оскар» сыйлығын марапаттау рәсімі өтті.

кино
Фото: instagram.com/theacademy

Астана, NEGE. Пол Томас Андерсоннің One Battle After Another фильмі Оскар сыйлығының абсолютті триумфаторы атанды. Картина бірден бірнеше негізгі марапатқа ие болды.

Сонымен биылғы «Оскар» сыйлығының иегерлері:

  • Басты рөлдегі үздік ер адам рөлі – Майкл Б. Джордан (Sinners).
  • Басты рөлдегі үздік әйел рөлі – Джесси Бакли (Hamnet).
  • Екінші пландағы үздік ер адам рөлі – Шон Пенн (One Battle After Another).
  • Екінші пландағы үздік әйел рөлі – Эми Мадиган (Weapons).
  • Үздік фильм – One Battle After Another фильмі.
  • Үздік шетел фильмі – Sentimental Value.
  • Үздік толықметражды деректі фильм – «Мистер Никто против Путина».
  • Үздік қысқаметражды деректі фильм – All the empty rooms.
  • Үздік толықметражды анимациялық фильм – KPop Demon Hunters.
  • Үздік қысқаметражды анимациялық фильм – The Girl Who Cried Pearls.
  • Үздік қысқаметражды көркем фильм – бірден екі картинаға берілді: The singers және Deux personnes échangeant de la salive.
  • Үздік режиссер – Пол Томас Андерсон (One Battle After Another).
  • Үздік оператор – Отем Дюральд Аркапоу (Sinners).
  • Үздік түпнұсқа сценарий – Sinners.
  • Үздік бейімделген сценарий – One Battle After Another.
  • Үздік қоюшы-суретшінің жұмысы – Frankenstein.
  • Үздік костюм дизайны – Кейт Хоули (Frankenstein).
  • Үздік грим және шаш үлгісі – Frankenstein.
  • Үздік визуалды эффектілер – Аватар: От пен күл.
  • Үздік монтаж – Энди Юргенсен (One Battle After Another).
  • Үздік дыбыс – F1.
  • Үздік түпнұсқа саундтрек – Людвиг Йоранссон (Sinners).
  • Үздік ән – Golden (KPop Demon Hunters).

Биыл жаңадан «Үздік кастинг» аталымы бойынша сыйлық тағайындалды. Бұл аталымда «Оскарды» One Battle After Another фильмі мен осы фильмнің кастинг-директоры Кассандра Кулукундис алды.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

.

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Арай Есенбек

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

.

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

әділет партия