USD
USD
USD

«Оскар» сыйлығының иегерлері анықталды

Бүгін Лос-Анджелесте «Оскар» сыйлығының иегерлері анықталады. Қазір салтанатты кешке қызу дайындық жүріп жатыр, деп жазды 24.kz.

кино
Фото: CAROLINE BREHMAN/EPA/ТАСС

Алматы, NEGE. Мәртебелі марапат 96-шы рет тапсырылмақ. Іс-шараны ұйымдастыруға 100 млн доллар жұмсалған.

 Ең үздік фильм атағына үміткерлер тізіміне 10 кино енген. Олардың қатарында «Оппенгеймер», «Барби» және басқа картиналар бар. Мамандар биылғы байқауда «Оппенгеймердің» шоқтығы биік тұр дейді. Ол 13 аталымға ұсынылған.

Былтыр билет ең көп сатылған «Барби» 8 номинацияда бақ сынамақ. Үздік актриса болуға Эмма Стоун, Кэри Маллиган мен Сандра Хюллер үміткер. Ал үздік актер рөлі атағын Киллиан Мёрфи, Брэдли Купер немесе Джеффри Раш алуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Бай азаматтарға салынатын салық: Бектенов бір ай уақыт берді

Олжас Бектенов

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар

Қамаудан босатқан күдіктіні қайта ұстаған: заң не дейді?

Заң

Ақтөбеде жер қойнауын пайдаланушылар 1,2 млрд теңге салық төлемеген

Салық