USD
USD
USD

ОСК VIII сайланған мәжіліс депутаттарын партиялық тізім бойынша тіркеді

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы VIII сайланған парламент мәжілісінің партиялық тізім бойынша сайланған депутаттарын тіркеді.

ОСК VIII сайланған мәжіліс депутаттарын партиялық тізім бойынша тіркеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҚР ОСК хатшысы Мұхтар Ерманның айтуынша, мандаттарды бөлу тәртібін партияның атқарушы органы сайлау өткеннен кейін 10 күннен кешіктірмей айқындайды.

"Үш санаттағы өкілдердің саны – әйелдер, жастар және мүгедектігі барлар партия алған мандаттардың кемінде 30%-ын құрауы тиіс", – дейді Мұхтар Ерман.

Оның айтуынша, 27 және 28 наурызда ҚР ОСК-на алты саяси партия тиісті құжаттарын тапсырған.

"Сайлау туралы" Конституциялық заңның 98-бабына сәйкес ОСК сайланған мәжіліс депутаттарын тіркейді. Сонымен қатар "Сайлау туралы" Конституциялық заңның 45-бабы бойынша ОСК 7 күн ішінде сайланған депутаттарды депутаттық мәртебесіне сәйкес келмейтін өкілеттіктерін тоқтату туралы өтініштерін алғаннан кейін тіркеуге міндетті екені көрсетілген", – дейді Мұхтар Ерман.

Тиісті қаулы қабылданғаннан кейін Орталық сайлау комиссиясы VIII сайланған парламент мәжілісінің депутаттарына куәліктер мен төсбелгілерді тапсырды.

19 наурызда Қазақстанда мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтті. Бір күн бұрын парламентке өткен "Аmanat", "Ақжол" ҚДП, "Ауыл" ХДП, Қазақстан Халық партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы және "Respublica" партияларының өкілдері алған мандат саны бойынша мәжілістегі депутаттық мандатқа үміткерлердің тізімін жариялады.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе