USD
USD
USD

ОСК сайлау бюлетеніндегі партиялар ретін жеребе арқылы тізбектеді

Орталық сайлау комиссиясы сайлау бюлетенінде партиялардың қандай ретпен тұратынын анықтау үшін жеребе өткізді

ОСК сайлау бюлетеніндегі партиялар ретін жеребе арқылы тізбектеді
Фото: NEGE.kz

.

Алматы, NEGE. Жеребеге тіркеуден өткен жеті партияның өкілдері қатысқан. Ортаға шыққан партия өкілдері 1-ден 7-ге дейін сандар жазылған конверттерді алыпты. Сәйкесінше жабық конверттегі нөмір партияның тізімде нешінші болып тұратынын анықтады.

"Жеребе қорытындысына сай, 19 наурызға тағайындалған партиялық тізімдер бойынша Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарға кезектен тыс сайлауда дауыс беруді өткізу кезеңінде саяси партиялардың атаулары сайлау бюлетенінде келесі тәртіппен орналасады: Amanat партиясы - бірінші орында, "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы - екінші орында, "Respublica" партиясы – үшінші орында, Қазақстан халық партиясы – төртінші орында, "Байтақ" жасылдар партиясы – бесінші орында, "Ақ жол" партиясы – алтыншы орында, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – жетінші орында. Жеребені өткізу тәртіптері хаттамамен бекітіледі", – деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар