USD
USD
USD

ОСК: «Республика» партиясы сайлауға қатыса алмайды

Орталық сайлау комиссиясында саяси партияларды сайлауға жіберу мәселесі қаралды

ОСК: «Республика» партиясы сайлауға қатыса алмайды
Фото: NEGE.kz

. Саяси партиялар туралы Әділет вице-министрі Алма Мұқанова айтты.

Алматы, NEGE. 20 қаңтардан бастап кандидаттарды ұсыну басталды. Бүгінгі таңда елімізде алты саяси партияның филиалдары мен бөлімшелері тіркелген. Оның бесеуінің өңір  бойынша бөлімшелері бар. 

Атап айтқанда, Қазақстан халық партиясы-20, Ауыл партиясы -21, Жалпы ұлттық социалдық партиясы-21, Аманат партиясы-250, Ақжол партиясы-21 филиалдары тіркелген. Байтақ партиясының – 3 бөлімше тіркелген. Сонымен қатар кеше ғана құрылған «Республика» партиясында құрылымдық бөлімшелер тіркелмеген,-деді Мұқанова.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров партиялардың сайлауға жіберу қаулысын қабылдауда «Республика» партиясын мәслихаттар депуттаттарының сайлауына қатысуын мақұлдамады.

«Байтақ партиясының тек үш өңірде бөлімшелерінің болуына байланысты олар мәжіліс депутаттығына сол өңірлерден кандидаттарды ұсына алады. Ал «Республика» партиясы бөлімшелерінің жоқтығына байланысты өз кандидаттарын ұсына алмайды. Бірақ, 8 ақпанға дейін партия өз бөлімшелерін ашатын болса, мәжіліс депутаттары сайлауына қатысатын болады»,- деп атап өтті ол.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті