USD
USD
USD

ОСК мәжіліс сайлауына Respublica партиясының тізімін тіркеді

Орталық сайлау комиссиясының отырысында Respublica партиясынан пропорционалдық жүйе бойынша парламент мәжілісі сайлауына қатысатын кандидаттардың тізімі тіркелді.

ОСК мәжіліс сайлауына Respublica партиясының тізімін тіркеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров 8 ақпанда Respublica партиясы қоғамдық бірлестігінің құжаттары Орталық сайлау комиссиясына тапсырылғанын атап өтті.

"Бұл ретте ОСК-ға екі азаматтан оларды осы партияның партиялық тізімінен шығару туралы ресми өтініштер түсті. Мұндай жағдайларда ОСК тиісті шешім қабылдайды", - деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров

ОСК мүшесі Шавкат Өтемісов Respublica партиясы ОСК-ға тіркелуге қажет барлық құжатты тапсырғанын айтты. Ол сонымен қатар саяси партиялар арасында бөлінген депутаттық мандаттардың белгіленген санынан 30%-дан аспайтын адамдар санын қамтитын саяси партияның бір ғана тізімі тіркелетінін еске салды. Партиялық тізімде үш санаттағы өкілдердің жалпы саны – әйелдер, жастар және мүгедектігі барлар бәрінің санынан 30%-дан кем болмауға тиіс.

Respublica партиясы 25 адамнан тұратын партиялық тізімді ұсынды. Бұл ретте ОСК-ға Дархан Иманашев пен Олжас Сұлтановтан партиялық тізімнен шығару туралы ресми өтініштер түсті.

"Осылайша Respublica партиясының тізімінде 23 адам бар. Бұл тізімге 8 әйел, жастар мен мүгедектігі бар жандар кіреді, бұл тізімге енгізілген жалпы санының 34,8%-ына тең. Қажет квота сақталды. Партиялық тізімге енген тұлғалар Конституцияның және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарын сақтауға міндетті", - деді ОСК мүшесі Шавкат Өтемісов.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар