USD
USD
USD

ОСК екі депутаттың өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс енгізді

  Орталық сайлау комиссиясы екі депутаттың өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс енгізді.

ОСК екі депутаттың өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс енгізді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кеше Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен бейнеконференция байланысы режимі арқылы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Ортсайлауком Төрағасы Нұрлан Әбдіров, сондай-ақ ОСК мүшелері Асылбек Смағұлов және Шавхат Өтемісов отырысқа Ақтөбе облысындағы іс-сапар барысында қатысты.

Отырыста Ортсайлауком мүшелері келесі қаулыларды қабылдады:

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Файзолла Қаменұлы Қаменовтің өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздің туындағаны туралы;

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сергей Николаевич Решетниковтің өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздің туындағаны туралы.

Конституцияның 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңның 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісінің депутаттары Ф.Қ. Қаменовтің және С.Н. Решетниковтің өтініш берулеріне байланысты олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіздер туындады деп қаулы етті. Депутаттар Ф.Қ. Қаменовтің және С.Н. Решетниковтің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынымдар Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізіледі. 

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тасжолындағы көлік апаты: тағы бір адам ауруханада көз жұмды

жол апаты

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай