Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

ОСК: Аккредиттелген байқаушылар саны Құрылтай сайлауына халықаралық қызығушылықтың жоғары екенін көрсетеді

777 шетелдік байқаушы Құрылтай сайлауын халықаралық деңгейде байқауға қатысады. Олар – 42 шет мемлекет пен 13 халықаралық ұйымның өкілдері. Сондай-ақ байқаушылар қатарында 41 елдің парламентінен 138 депутат бар.

Нұрлан Әбдіров
Фото: Орталық сайлау комиссиясы

Астана, NEGE. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылды. ОСК хатшысы Мұхтар Ерман аккредиттеуге өтінім қабылдау жұмыстары жуырда аяқталғанын атап өтті.

«Орталық сайлау комиссиясына Сыртқы істер министрлігінен 18 шет мемлекет пен 5 халықаралық ұйымнан 121 байқаушының кандидатурасы аккредиттеуге ұсынылды. Оның ішінде ТМД Байқаушылар миссиясынан – 8, ТМД Парламентаралық Ассамблеясынан – 4, ЕҚЫҰ ДИАҚБ Байқаушылар миссиясынан – 7, ШЫҰ миссиясынан – 6, Түркі академиясынан – 3 байқаушы бар. Сондай-ақ Қытай, АҚШ, Таиланд, Ұлыбритания, Түркия, Моңғолия, Үндістан, Индонезия, Франция, Ирак, Словакия, Өзбекстан, Филиппин, Жапония, Бельгия, Иордания, Сербия және Түрікменстан елдерінен 93 байқаушы ұсынылды», – деп хабарлады Мұхтар Ерман.

Отырыс барысында шетелдік байқаушылар санының көп болуы Қазақстанда өтіп жатқан тарихи Құрылтай сайлауына халықаралық қоғамдастықтың жоғары қызығушылығын танытып отырғаны атап өтілді.

«Халықаралық байқаушылардың саны Құрылтай сайлауына халықаралық қызығушылықтың жоғары екенін көрсетеді. Олардың қатысуы сайлау науқанының ашықтығы мен жариялылығына ықпал етеді. Бұл – біздің халықаралық міндеттемелерді ұстануымыздың, сондай-ақ электоралдық салада халықаралық ұйымдар және шет мемлекеттермен тығыз ынтымақтастықты жалғастырып келе жатқанымыздың дәлелі. Сондай-ақ басқа елдердің орталық сайлау органдарындағы әріптестеріміздің қатысатынын атап өткім келеді. Олардың Қазақстанда өткізілетін сайлау науқандарына тұрақты қызығушылық танытып келе жатқаны үшін алғысымды білдіремін. Құрылтай сайлауын байқауға 22 мемлекеттің орталық сайлау органдарының өкілдері, оның ішінде 11 сайлау комиссиясының төрағалары қатысады», – деп қорытындылады Нұрлан Әбдіров.

Еске салсақ, Қазақстанда 23 тамыз, жексенбі күні Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді.

Қазір оқып жатыр

Бақытжан Базарбек көлікпен қағып кетті деген жігіттің туыстары мәлімдеме жасады

Бақытжан Базарбек және жәбірленуші тарап

Тоқаев төтенше жағдайлар министріне өрт қауіпсіздігі деңгейін көтеруді тапсырды

Тоқаев, Әрінов

Алматыда әйелді балағаттаған Канада азаматы 5 тәулікке қамалды

әкімшілік іс

Канье концертіне бара алмағандар билет құнын қайтара ала ма: Министрлік не дейді

концерт билеті