USD
USD
USD

"Осы диагноз болмағанда". Жанқош Тұраров титулдық жекпе-жекке шықпайтын болды

Жеңілмеген қазақ боксшы Жанқош Тұраровтың (24-0, 17 КО) бүгінгі, 3 сәуірге жоспарланған БАӘ-дегі жекпе-жегі өтпейтін болды. Спортшы Instagram-парақшасында себебін жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Осы диагноз болмағанда". Жанқош Тұраров титулдық жекпе-жекке шықпайтын болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Бүгінгі турнирде өкінішке қарай өнер көрсете алмайтын болдым. Барлығы дүние жүзін жаулап тұрған короновирусқа байланысты. Дубайға келген күннен бастап ентігу, дене қызуының көтеліруі, мұрынның бітуі, дәм сезбеу симптомдары пайда болды. Турнирге шығар алдында міндеттелген ПТР-тест оң нәтиже көрсетіп, мені қонақүй номерінде оқшаулады, салмақ өлшеу рәсіміне шығарылмауымның себебі осы болды!", - деп жазды Жанқош Тұраров Instagram-да.

Боксшы салмақ өлшеу рәсімі қалай өткенін де айтты. 

"Бірақ ештеңеге қарамастан номер ішінде де скакалка секіру, жүгіру арқылы жаттығуды тоқтатпай өз формамды ұстап, бекітілген салмаққа жетіп, оқшауланған күйде номер ішінде салмақ өлшеу рәсімін өткіздік. COVID-19-ға қайтадан ПТР тапсыруды өтіндік, өкінішке қарай бүгінгі нәтиже тағы да "оң" көрсетті. Айналама, қоршаған ортама деген жауапкершілікті сезіне отырып, коронавирустың тез жұқпалы екенін ескере отырып турнирден шектетілдім. Егер дәл осы диагноз болмағанда, қазіргі жағдайыммен-ақ маған 3 раунд та жеткілікті еді... Бірақ амал қанша, барлығы бір Аллахтың қалауы. Бүкіл әлемді дүрліктіріп тұрған мына дерттен аман болыңыздар! Ауырмаңыздар!", - деп қосты ол.

Еске салайық, Тұраров бүгін, 3 сәуірде рингке шығуы керек еді. Ол бірінші жартылай орта салмақтағы WBO Inter-Continental белбеуін ұлыбританиялық Тайрон Маккеннаға (21-2-1, 6 КО) қарсы жекпе-жекте қорғау керек болған.

Қазір оқып жатыр

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші