USD
USD
USD

Осы жылдың соңына дейін құрылыс бойынша Бірыңғай ақпараттық жүйе іске қосылады

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. 

Алматы
Фото: gov.kz

Астана, NEGE.  Президенттің 2025 жылғы Жолдауын жүзеге асыру шаралары қаралған Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов тұрғын үй құрылысының сапасын арттыру және саланы цифрландыру бойынша жұмыстарға назар аудартты.

«Елімізде жаңа тұрғын үй құрылысының қарқынын арттырып қана қоймай, олардың сапасына да баса мән беру керек. Осы ретте жасанды интеллектіні қолдана отырып, ғимараттарды ақпараттық модельдеу құралын қолдану қажет. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне биылғы жылдың соңына дейін құрылыс бойынша Бірыңғай ақпараттық жүйені іске қосуды тапсырамын. Сондай-ақ министрлік Құрылыс кодексінің жобасына қатысты барлық мәселелерді депутаттық корпуспен жедел пысықтауды қамтамасыз етсін»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Қазір оқып жатыр

Бұрын істі болған экс-депутат Жұманғариннің штаттан тыс кеңесшісі болды

Болатбек Әлиев

Ақтаудағы нөсерден кейін әкімдік мердігерді сынға алды

Ақтау

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram