USD
USD
USD

 Өртеніп кеткен: Қорадан үш баланың мәйіті табылды (видео)

 Атырау облысында қорада болған өрттен үш баланың сүйегі табылды.

 Өртеніп кеткен: Қорадан үш баланың мәйіті табылды (видео)
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қайғылы оқиға 5 қазан күні кешкі сағат жеті шамасында Махамбет ауданындағы Ортақшыл ауылында болған.

Атырау облысы төтенше жағдайлар департаменті мәліметіне сәйкес, Ж.Жаскеленов көшесі, 23 үйдің шөп қорасынан өрт шыққандығы туралы хабар кешкі сағат 19:27 шамасында түскен. Кейін шөп қораның бұрышынан үш жас баланың сүйегі табылған.

Қазіргі таңда балалардың сүйегі сот-медициналық сараптамаға жөнелтілді. Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, сүйегі табылған балалар 2012, 2014 жылдары туылған И. М., Н.Б., Р.С. есімді балалар болуы мүмкін деген болжам бар. Себебі 5 қазан күні 21:40 шамасында Махамбет аудандық полиция бөліміне 2012, 2014 жылы туылған балалардың ойнауға шығып кетіп, үйге оралмағандығы туралы хабар түскен.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы