USD
USD
USD

Өртенген пәтерден ер адамның мәйіті табылды

Қарағанды облысы Шахтинск қаласында бір бөлмелі пәтерді өрт шарпыды.

Өртенген пәтерден ер адамның мәйіті табылды
Фото: NEGE.kz

Қарағанды, NEGE. Өрт сөндірушілер 35 адамды құтқарды, 60 адамды эвакуациялады. Өрт сөндіру барысында пәтер иесінің денесі табылды.

10 қазан күні сағат 23:11-де Шахтинск қаласында «Маркс көшесі, 44Г» мекенжайындағы 5 қабатты тұрғын үйде өрт болып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті, 4-қабаттағы бір бөлмелі пәтерде жалын 10 шаршы метр жерді шарпып, үй заттары, жиһаз және тұрмыстық техника жанып кетті.

ТЖД бөлімшелерінің күшімен тұрғын үйдің кіреберіс пәтерлерінен 35 адам құтқарылды, 12 бала, 60 ересек адам, оның ішінде 15 бала эвакуацияланды.

«Өрт сөндіру барысында 1967 жылы туған пәтер иесінің денесі табылды, өрт 23:45-те сөндірілді. Алдын ала болжам бойынша өрттің себебі отты абайсыз қолдану (темекі шегу) болды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова

Қазаннан бастап Алматыда айып тұрағындағы әр күн үшін көлік иелерінен 21 мың теңге алынады

Айып тұрағындағы көліктер

Ақмола облысында сәбиін абайсызда қазаға ұшыратқан әйелге үкім шықты

баланың аяғы

Елдос Сметов ХХ жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Елдос Сметов