Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Орталық зираттың 2 гектар аумағы өртеніп кетті

Қызылорда қаласында «Орталық қазақ бейіті» аумағынан өрт шықты.

Орталық зираттың 2 гектар аумағы өртеніп кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өрт бүгін 12.30 шамасында тұтанған. Облыс орталығындағы А.Тоқмағанбетов көшесінің бойында орналасқан «Орталық қазақ бейіті» аумағында 2 гектарға жуық қураған шөп жанған. «Өрт 15.24-те толық сөндірілді. Оған облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 25 өрт сөндірушісі және 7 техникасы тартылды.

Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда. Зардап шеккендер жоқ», – деді өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісі Бекзат Макулов. Оқиға орнында Қызылорда қалалық Полиция басқармасы, Қызылорда облысы Жұмылдыру дайындығы басқармасы, жедел жәрдем бригадасы, «Қызылорда тазалығы» ЖШС мамандары жұмыс істеді.

Қазір оқып жатыр

Нұрай Серікбайдың қазасы бойынша айыпталушы сотта қысым көргенін мәлімдеді

Күдікті, Нұрай

Павлодар облысында кәріз құдығындағы алты адамның өлімі: үш күдікті ұсталды

Кісен

Тоқаев Колумбия жойқын жер сілкінісіне байланысты ел Президентіне көңіл айтты

жер сілкінісі

Жас ғалымдарға арналған баспана мен мүмкіндіктер: Семейде «Әділет» партиясының бастамалары талқыланды

«Әділет» партиясы