USD
USD
USD

Орталық клиникалық аурухана өртенді

Алматыдағы орталық қалалық клиникалық аурухана өртеніп жатыр.

Орталық клиникалық аурухана өртенді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қалалық төтенше жағдайлар департаментiнiң мәліметінше, оқиға орнына өрт сөндіру бригадасы жіберілген.

Алмалы ауданы Панфилов көшесi, 139 мекенжайында шақыртудың жоғары деңгейiмен жұмыс атқарылып жатыр.

Үш қабатты ғимараттың шатыры өртенген. Оқиға орнына жедел топ пен 109 құтқару қызметiнiң эвакуаторлары жiберiлдi.

Өрттi cөндipy үшiн 3 әскери учаске құрылып, ғимараттың iшiнде адамдардың бар-жоғына барлау жүргiзiлдi.

«Өрт оқпандары жiберiлiп, автоцистерналар гидранттарға орнатылды. Ғимараттың оңтүстiк-шығыс жағындағы өрт оқшауланды. Сумен үздiксiз қамтамасыз етiліп отыр» деп хабарлады департаменттен.

Қазір оқып жатыр

Тағдыр тауқыметін тартқан жүз әйел көлік жүргізуді тегін үйреніп шықты

Көлік апаты

«Қазатомөнеркәсіп» акциялары 4%-дан астам құлады: сарапшылар не дейді?

Қазатомөнеркәсіп

«Ғаламат ғасыр» жұлдызы мен Түркияның өзге де танымал тұлғалары есірткі ісі бойынша ұсталды

Дениз Чакыр

«Таңғы 7:00-де жұмысқа келсін»: Қырғыз депутаты Бішкектегі кептелісті азайтудың жолын ұсынды

уақыт