USD
USD
USD

Орталық Азиядағы ең көп жалақы алатын ел қайсы?

Бұл тізімде Қазақстан қай орынға жайғасты?

Орталық Азия елдері
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ranking.kz мәліметіне қарағанда, ТМД Мемлекетаралық статистикалық комитеті жариялаған салыстырмалы мәліметтерге сәйкес, былтырғы қыркүйек айында елдегі орташа номиналды жалақы 817,2 долларды құрады, бұл көрсеткіш Өзбекстандағы (437,8 доллар) немесе Қырғызстандағыдан (411,2 доллар) екі есе шамасында артық. Тәжікстан Қазақстаннан одан да көп артта қалды – осы елдегі жалақы 3,4 есеге аз (242,8 доллар). Бір жыл ішінде Орталық Азияның оңтүстік-шығысындағы осы мемлекетте орын алған елеулі өсім болмаса, Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы алшақтық бұдан да жоғары деңгейде қалыптасуы мүмкін еді.

Дереккөзге сәйкес, Тәжікстанда 2024 жылдың қыркүйегінде номиналды жалақы жылдық мәнде 24,9 пайызға, нақты жалақы 21,1 пайызға өсті. Бұл өңірдегі ең жоғары жалақы индексі деп атап өтуге болады.

Қазақстанда, Қырғызстанда және Өзбекстанда динамика біршама қарапайым болды. Түрікменстандағы ресми номиналды жалақы туралы дәл қазіргі деректер жоқ. Түрікменстанның Мемлекеттік статистика комитетінің сайтында мұндай ақпарат соңғы рет 2023 жылы жаңартылған.

Қазақстанда ең төменгі жалақы да жоғары. 2024 жылы 85 мың теңге, яғни 181,1 доллар болған.

Орталық Азия өңірінің басқа елдерінде бұл көрсеткіштер айтарлықтай төмен болды: Өзбекстанда – 89,4 доллар, Тәжікстанда – 54,9 доллар, Қырғызстанда – 28,3 доллар.

Түрікменстандағы ең төменгі жалақы доллармен есептегенде жоғары болып көрінуі мүмкін (402,9 доллар). 

Қазір оқып жатыр

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский

Каратэші Әсел Қанай ХХ Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Әсел Қанай

Қорғаныс министрлігі әскери техника жайлы мәлімдеме жасады

Оқу-жаттығуға жөнелтілген әскери техника

Алматыдағы аса қауіпті инфекциялар орталығында өрт шықты

Өрт сөндірушілер