USD
USD
USD

«Орталық Азия – Қытай» II саммиті аясында II Халықаралық академиктер форумы өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Орталық Азия – Қытай» II саммиті аясында II Халықаралық академиктер форумы өтті. Ауқымды шараны Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы және Сиань Цзяотун университеті бірлесіп ұйымдастырды.

Форум
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Форумның мақсаты – ғылыми зерттеулер мен озық технологияларды енгізу арқылы климаттың өзгеруі, шөлейттену сияқты өзекті жаһандық сын-қатерлерді шешуге жәрдемдесу.

Форумға ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова, ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев, Сиань Цзяотун университетінің (XJTU) атқарушы вице-президенті Би Чжаохун, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев, Алматы қаласы әкімдігі, министрлік өкілдері, сондай-ақ Орталық Азия және Қытай елдерінен энергетика саласындағы ғалымдар мен сарапшылар қатысты.

Форум барысында ҚР ҰҒА, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Сиань Цзяотун университетінің (ҚХР), Қырғыз Республикасының Ұлттық ғылым академиясының, Қырғызстан халықаралық университетінің және Самарқанд мемлекеттік университетінің (Өзбекстан) өкілдері жасыл энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы Алматы хартиясына қол қойды.

Форум жұмысы тақырыптық панельдік секциялармен жалғасты. Қатысушылар жасыл энергетикаға көшу үдерісін жеделдету бойынша өз әзірлемелерін ұсынды, тәжірибе және пікір алмасты.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park