21 Наурыз 09:15
...

Көне дәстүр, ежелгі мейрам: Орталық Азия елдерінде Наурызды қалай тойлайды?

Наурыз
Фото: sputnikglobe.com

Наурыз – 5000 жылдық тарихы бар көне мейрам. Наурыз сөзі парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Наурыз Қазақстанда, Өзбекстанда, Түркіменстанда, Әзірбайжанда, Грузияда, Албанияда, Қырғызстанда, Македонияда, Түркияда және Тәжікстанда мемлекеттік мереке ретінде аталып өтеді.  

Наурыз мерекесіне орай, NEGE тілшісі бірнеше елдің өкіліне хабарласып, халықтардың тарихи және мәдени ерекшеліктерін сұрап білді.

Тәжікстан Республикасы Мәдениет министрінің көмекшісі Райхона Давлатшоева тәжік елі бұл мейрамды табиғаттың оянуы мен ауыл шаруашылығы жұмыстары басталуының символы ретінде атап өтетінін айтты.

наурыз
Фото: NEGE.KZ

«Наурыз мерекесін атап өту үшін ел тұрғындары 21-26 наурыз аралығында демалады. Душанбеде орнатылған суманақтың символдық жасыл бұтағы мейрамның ажырамас бөлігіне айналды. Сонымен қатар, Наурыз Тәжікстанда ЮНЕСКО тарапынан материалдық емес мәдени мұра ретінде танылды», – дейді ол.

наурыз
Фото: www.khovar.tj

Тәжікстандағы Наурыз дәстүрлері өте бай екен. Мысалы, дастарханға атауы «с» әріпінен басталатын «Хафсин» және «Хафшин» деген жеті тағамды дайындау маңызды, сондай-ақ ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуға көмектесетін символикалық шаралар өткізіледі.

Ал Өзбекстанның Ресей Федерациясындағы Дүниежүзілік жастар қауымдастығының өкілі Давлатжон Таджибаев Наурыз мейрамның өзбек халқы үшін маңыздылығын атап өтті.

«Әдетте Өзбекстанда Наурыз мерекесі 21 мен 23 наурыз аралығында өтеді. Алайда, мерекелік тойлаулар, халықтық серуендер мен түрлі мәдени шаралар апталап жалғасып, жалпыхалықтық қуаныш пен көктемгі жаңарудың атмосферасын жасайды. Өзбекстан Республикасының президенті мейрамдарды ұйымдастыруды белсенді қолдайды, әсіресе, Наурыз меркесіне ерекше ықылас танытады. Бұл – әлеуметтік байланыстарды нығайтып, ұлттық мәдениетті насихаттауға көмектесетін мейрам», – дейді Давлотжон Таджибаев.

наурыз
Фото: NEGE.KZ

«Бұл дәстүрдің орталық элементі – сумалак әзірлеу. Сумалак – өскін бидайдан жасалған ритуалдық тағам. Сумалақ әзірлеу процесіне көп уақытты қажет және ұжымдық еңбек болып саналады. Ас дайындауға түрлі ұрпақтың әйелдері қатысып, шеберлік сырларын бөлісіп, дәстүрлерді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді».

наурыз
Фото: ғаламтордан

Әзірбайжанның мәдени дәстүрлері бойынша сарапшы Арзу Мамедова Әзербайжанда Наурыз тек көңіл көтеру мен жаңарудың мейрамы ғана емес, сонымен қатар ерекше дәстүрлерге толы мереке екенін атап өтті.

Оның айтуынша, Әзербайжанда мереке шамамен 20-21 наурызға дейін бір ай бұрын басталып, төрт ерекше сейсенбіге бөлінеді, оларды «Чаршанбе» деп атайды. Әрбір сейсенбі төрт элементтің біріне арналады: су, от, ауа және жер.

наурыз
Фото: NEGE.KZ

«Сондай-ақ Наурыз – жергілікті дәстүр бойынша, әсіресе, қыздар үшін болашақ қатынастарды болжау уақыты болып саналады. «Чаршамбенің» төрт түні қыздар шағын топтарға бөлініп, болашақ жарлары, сүйгендері немесе тіпті жай ғана сәтті болашағы туралы білу үшін әртүрлі болжаулар жасайды. Олардың бірі – «Кулак фалы» (тағдырды тыңдау), яғни қыздар түнде көшеге шығып, көршілерінің есіктерінен жасырын тыңдайды. Олар естіген алғашқы сөз олардың махаббаттағы жолын болжайды деп есептеледі. Мысалы, егер олар «гёзель» (әдемі) сөзін есе, бұл жақсы белгі болып саналады», – дейді Арзу Мамедова.

наурыз
Фото: ғаламтордан

Иранның Орталық Азия бойынша сарапшысы Омид Рахим Наурыздың Ирандағы ең көне дәстүр екенін және астрономиялық күнтізбе бойынша жаңа жылдың ресми басталуы екенін айтты.

наурыз
Фото: NEGE.KZ

«Наурыз – тек жаңа жылды қарсы алу ғана емес, адамдардың ескі проблемалардан арылып, жаңа өмір цикліне қадам басуының сәті. Наурыз Иранда ресми мереке саналып, ол бес күнге созылады. Бірақ шын мәнінде бұл мерекені 13 күн тойлаймыз», – дейді Омид Рахим.

наурыз
Фото: ғаламтордан

Иранда Наурызды тойлау ерте басталады. Мерекедегі ең маңызды дәстүрлердің бірі «Хане Текани» деп аталады, бұл – үй тазалау дәстүрі. Сонымен қатар, Иранда Наурыз алдындағы соңғы сәрсенбі «Чаршанбе Сури» деп аталады, бұл күні адамдар үлкен от жағып, соның үстінен секіріп, ескі аурулар мен проблемаларды отқа жағып, оттан жылу, күш және энергия аламыз деп сенеді.

Өкінішке қарай, Ауғанстанда билікке тәліптер келгені Наурызды тойлауға тыйым салынды. Тәліптер Наурызды «дінге жат мереке» санайды.

Шектеу
Фото: ғаламтордан

«Талибан үшін Наурыз – мәдени және діни тұрғыдан тиімсіз мейрам, олар Наурызды басқа көзқарастың көрінісі ретінде көреді», – дейді халықаралық сарапшы Филип Эйси.

Сарапшы
Фото: NEGE

Бұл шектеу Ауғанстан халқының ежелгі дәстүрін насихаттауға мүмкіндік бермейді. Осыған байланысты, Наурыз елде ресми түрде тойланбайды және тұрғындар оны тек шектеулі түрде, саяси қысым жағдайында атап өтеді. 

наурыз
Фото: ғаламтордан

Ал Қазақстанда Наурыз мейрамын жыл сайын он күн бойы – 14-23 наурыз аралығында тойлайды. Бұл онкүндік «Наурызнама» деп аталады. «Наурызнама» онкүндігі Наурыз мейрамының мән-мағынасы мен мазмұнын байытып, түрлі мәдени және дәстүрлі іс-шараларды қамтиды. 

14 наурыз – Көрісу күні – Амал мерекесі

15 наурыз – «Қайырымдылық күні»

16 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні».

17 наурыз – «Шаңырақ күні»

18 наурыз – Ұлттық киім күні

19 наурыз – Жаңару күні.

20 наурыз – Ұлттық спорт күні

21 наурыз – Ынтымақ күні

22 наурыз – Жыл басы

23 наурыз – Тазару күні

наурыз
Фото: ғаламтордан

Наурыз көже – Ұлыстың ұлы күнінде дайындалатын дәстүрлі тағам. Оған бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз сияқты кем дегенде жеті түрлі азықтық заттар қосылуы тиіс. Бұл халықтық ұғымда молшылық пен берекенің символы ретінде саналады.