USD
USD
USD

Өрт сөндірушілердің жалақысы 70 пайызға дейін көтеріледі

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин ведомство қызметкерлерінің жалақысы 1 қаңтардан бастап 70 пайызға дейін  өсетінін айтты. 

Өрт сөндірушілердің жалақысы 70 пайызға дейін көтеріледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  "Үш жыл бұрын жалақыны көтеру мәселесі көтерілгенде қызметкерлер 65 мың теңге алатын. Қазір қызметке жаңадан келген қызметкердің ең төменгі ресми жалақысы шамамен 110 мың теңге", - деп жауап берді министр Үкімет отырысында.

Ол 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақыны 10-нан 70 пайызға дейін арттыру қарастырылғанын айтты.

"70 пайыз - бұл қатардағы құрам үшін, қызметті жаңадан бастағандар үшін ең жоғары өсім. 10 пайыз - бұл басшы құрамы үшін, бұл өрт сөндіру қызметінің бастықтары, ТЖ қызметінің бастықтары", - деп түсіндірді Ильин.

Қазір оқып жатыр

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері