2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Өрт сөндірушілер 4 адамды өлімнен арашалап қалды

Алматыда “Гауһартас” тұрғын үй кешендегі өрттен адамдар шығарылды. Ерлі-зайыптылар құтқарылды , – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өрт сөндірушілер 4 адамды өлімнен арашалап қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.16 мамырда Алматы қаласының ТЖД күштері мен құрылымдары Бостандық ауданы Абай даңғылы 150/230 мекен жайдағы “Гауһартас” тұрғын үй кешеніндегі өрт туралы хабарламаға шақыртудың жоғары деңгейімен жіберілді. Өрт сөндіру есептері оқиға орнына 6 минуттың ішінде келген кезде 17 қабатты тұрғын үй кешенінің 11-қабатындағы пәтер ашық от жалынмен жанып жатқанын анықтады. Қою түтіннің салдарынан жоғары қабаттағы тұрғындардың өміріне қауіп төнді. Тұрғындарды құтқару және эвакуациялау үшін AЛ-37 өрт баспалдақтары орналастырылды. Өрт сөндіру барысында 60 адам ғимараттан шығып үлгерді, бірақ ғимараттың 11-ші қабатында тұратын тұрғындардың шығу жолдары жабылып қалғандықтан, көбісі көмек сұрай бастады. Өртті сөндіру кезінде 101 пультіне аталған тұрғын үйдің №154 пәтерінің тұрғынынан көмек сұраған қоңырау келіп түсті. Оның шақыртуының арқасында өрт сөндірушілер екі ересек адам мен 3 және 6 жастағы екі баланың өмірін сақтап қалды. Ашық жалын лафетті аралас өрт оқпанымен бірнеше минуттың ішінде сөндірілді. Қабылданған шаралардың арқасында 30 шаршы метр аумақты қамтыған өрт жарты сағаттың ішінде, 00 сағат 22 минутта жойылды. Өрт үш бөлмелі пәтердегі тұрмыстық заттар мен жиһаздардың жануынан туындаған. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 70 адам, 18 бірлік техника, сондай-ақ Бостандық аудандық ПБ қызметкерлері жұмылдырылды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан құрамасының тағы бір көшбасшысы Ұлттар лигасындағы матчтарға қатыспайтын болды

Максим Самородов

Қарағандыдағы Бөкетов университетінің үш студентінен туберкулез анықталды

Бөкетов ұлттық университеті

Қытай халқы қазақ халқына ешқашан ешқандай зиян келтірген жоқ – Тоқаев

«Қазақстан-Қытай» инвестициялық форумы

Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: бес командир ұсталды

Күдіктілер