USD
USD
USD

Өрт кезінде зардап шеккен қарағандылық кеншілер барлық қажетті медициналық көмекті алады

"АрселорМиттал Теміртау "АҚ Көмір департаментінің   "Казахстанская"шахтасындағы өрттің салдарынан  бүгінгі таңда 13 кенші медициналық көмек алуда, оның 11-і стационарлық емделуде, екеуі амбулаториялық емханада ем алып жатыр.

Өрт кезінде зардап шеккен қарағандылық кеншілер барлық қажетті медициналық көмекті алады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 17 тамызда Қарағандыда профессор Х. Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханаға улы газдармен, оның ішінде ауыр дәрежелі көміртегі тотығымен уланған 9 кенші жеткізілді. Олардың екеуі бүгін таңертең реанимациялық блоктан токсикология бөлімшесіне ауыстырылды.

Пациенттердің жағдайы орташа ауырлықта, тұрақты. Пациенттер есін жинады, жағдайлары қалыпты. Ауырлығы жіті улану синдромы мен энцефалопатияға байланысты. Гемодинамикалық көрсеткіштері тұрақты.

Қалған төрт зардап шегуші Шахтинск қаласының орталық ауруханасында медициналық көмек алуда, олардың екеуі амбулаториялық емделуде, екеуі стационарда, ауырлығы орташа күйде.

 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты