USD
USD
USD

Өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамаған лауазымды тұлғаларға 57,4 млн теңге айыппұл салынды

Жарты жылда өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамаған лауазымды тұлғаларға 57,4 млн теңге айыппұл салынды.

Өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамаған лауазымды тұлғаларға 57,4 млн теңге айыппұл салынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Биыл жарты жылда өнеркәсіп қауіпсіздігі ережесі сақталмаған 292 нысанның қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«1 қаңтардан бастап профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша жаңа реттеуші саясаттың енгізілуіне байланысты субъектілер әкімшілік жауапқа тартылмайды. Дегенмен бұл ретте әкімшілік практика желісі бойынша жұмыс жоспардан тыс тексерулер мен өрттер кезінде құқық бұзушылықтар болған жағдайларда ғана жалғасады. Бақылау профилактикалық қызмет шеңберінде өртке қарсы жай-күйге 8 201 тексеру жүргізілді. Оның нәтижесінде 69 365 талапқа сәйкес келмеу фактілері анықталды. Олқылыққа жол берген 7 124 адам әкімшілік жауапқа тартылды, оның ішінде 1 266 лауазымды тұлғаға 57,4 млн теңге айыппұл салынды», - деп жазылған Төтенше жағдайлар министрлігінің сайтында жарияланған жарты жыл ішіндегі жұмыстардың есебінде.

Бұған қоса, өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік қадағалау барысында 327 профилактикалық тексеріс жүргізілген. Оның қорытындысы бойынша 9 мыңнан аса ереже бұзу фактілері анықталып, 292 нысанның қызметі тоқтатылды. Сонымен қоса оларға жалпы сомасы 22,2 млн теңге болатын айыппұл салынған.

Қазір оқып жатыр

Семейдегі матчтан кейін басы дауға қалған төреші бес тәулікке қамалды

Арман Исмұратов

Қазақстандықтардың жеке деректері шетелде жабық сайт арқылы сатылған

жеке деректерді тарату

12 адам қаза тапқан өрт: «Центр плова Loft» ісі бойынша тергеу аяқталды

дәмхана

Ресей МӨЗ-іне жасалған шабуылдан қазақстандық зауыттың жұмысы тоқтауы мүмкін

Конденсат