Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалдау уақытша тоқтатылды
Акватория аймағындағы әскери қақтығыстарға байланысты әлемдік энергетикалық сауданың негізгі бағыттарының бірі саналатын Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалдау уақытша тоқтап тұр.

Астана, NEGE. Бұл туралы Иранның Қазақстандағы елшісі Али Акбар Джоукар мәлімдеді.
«Қазір бұл бұғаздың маңында әскери жағдай қалыптасқан, сондықтан ешкім ол жерден өткісі келмейді. Осы бұғаз арқылы жүзіп өтуге тәуекел еткен үш кеме, үш танкер зардап шекті. Әзірге ол жерде әскери әрекеттер жалғасып, зымырандар ұшып жатқандықтан, кемелер де, елдер де оны мұнай тасымалдау үшін пайдаланбайды деп ойлаймын», – деді дипломат.
Оның нақтылауынша, бұғаз арқылы екі күннен бері мұнай тасымалданып жатқан жоқ. Азаматтық кемелер үшін бұғаз арқылы өту қауіпті болып отыр. Елшінің сөзінше, әскери іс-қимылдар тоқтамайынша, бұл бағыт қолданылмайды.
Ормуз бұғазы арқылы тәулігіне шамамен 20–21 млн баррель мұнай және мұнай өнімдері тасымалданады. Бұл – әлемдік тұтынудың шамамен 20%-ына тең.
Қазір оқып жатыр
Каспийдегі оқу-жаттығудан кейін аман қалып, ауруханаға түскен сарбаздың жағдайы белгілі болды

Қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына көмек жинайтын бірыңғай қор белгіленді

Каспий теңізінде суға кеткен екі сарбаздың денесі табылды: қаза болғандар саны 14-ке жетті

Алматыда бұрын сотталғандар өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, 3 млн теңге бопсалаған

