USD
USD
USD

«Охотзоопром» қызметкерлеріне күш көрсеткендер 12 жылға дейін сотталуы мүмкін

"Охотзоопром" қызметкерлеріне қатысты күш қолданғандарға 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр, деп хабарлады Полиция. 

Ішкі істер министрлігі
Фото: ІІМ

Алматы, NEGE. Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының аумағында криминалдық полиция Қызылжар кентінің төрт тұрғынын ұстады. Күдіктілер "Охотзоопром" РКМК қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, оларға қарсылық танытып, күшін қолданып, оқиға орынынан қашып кеткен.

– Қызметшілерге қатысты күш қолданды деген күдіктілердің төртеуі де ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Олар жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымның инспекторына, қорықшыға қатысты күш қолдану қаупі үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары жазамен қылмыстық жауапкершілік көзделген, – деп атап өтті Ұлытау облысы ПД бастығының орынбасары Сафуан Жампейсов.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде 35 жастағы әйелді бұрынғы танысы пышақтап кеткен

Күдікті

Сауд Арабиясына жасалған шабуылдар: СІМ қазақстандықтарға үндеу жасады

СІМ ғимараты

Такси бағасы үш есе қымбаттаған: inDrive-ке ескерту жасалды

такси

«Бетіңді тіліп тастаймын»: Алматыда пышақ ұстаған балалар тұрғындарды қорқытқан

Пышақ ұстаған бала