Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Орманшы мәртебесін көтеру мәселесі қаралып жатыр

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев орман шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

Орманшы мәртебесін көтеру мәселесі қаралып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жыл сайын қазан айының үшінші жексенбісінде атап өтілетін күн биыл 18 қазанға тура келіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Қиындығы мен сан-түрлі тәуекелдеріне қарамастан, еліміздің орман қорын сақтап, жаңғырту табанды еңбек етіп келе жатқан азаматтар қандай құрметке де лайық. Себебі орман кешені - экологиялық қауіпсіздіктің кепілі»,- деп жазды ол Twitter парақшасында. Министр қазір орманшылар мәртебесін көтеру мәселесі қаралып жатқанынан хабардар етті. «Орманшылар - баға жетпес ұлттық байлығымызды қорғап, келер ұрпаққа жеткізушілер. Олардың зор еңбегін ескере отырып, біздің министрлік орманшылар статусын көтеру мәселесін қарастырып жатыр. Жасыл табиғатты аялау - әрқайсымыздың міндетіміз. Сондықтан барлық ел азаматтарын орман қорына ұқыпты қарап, оны қорғаушыларға қолдау көрсетуге, жұмыстарын бағалауға шақырамын»,- деді Мағзұм Мырзағалиев. Еске салайық, орман шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі 2017 жылы ҚР Үкіметі қаулысымен бекітілген.

Қазір оқып жатыр

Мектеп сөмкесінің салмағы қанша болуы керек? Министрлік жауап берді

оқушылар

Қазақ футболының ханзадасы Дастан Сәтпаев 18-ге толды

Дастан Сәтпаев

Анасына пышақ сілтеп, қашып кеткен күдікті Вьетнамнан жеткізілді

Күдікті

Ақмола облысында болған жол апатында германиялық ерлі-зайыпты қаза тапты

Жол апаты