USD
USD
USD

Орман өртінен 65 адам қаза тапты

Al Jazeera 

Орман өртінен 65 адам қаза тапты
Фото: NEGE.kz
Алжирдегі орман өртінің салдарынан қаза тапқан адамдардың саны 65-ке жетті. Бұл туралы мәлім етті.

Алматы, NEGE. Телеарнаның деректеріне қарағанда, табиғи апаттан 37 адам және өртті сөндірумен және іздестіру-құтқару операцияларын жүргізумен айналысқан Алжир армиясының 28 әскери қызметкері қаза тапқан. Ал сейсенбі күні Afrigatenews жаңалықтар порталы 25 әскери қызметкердің қайтыс болғаны туралы хабарлаған еді.

Алжирдің Ұлттық телехабар тарату қызметінің ақпаратынша, орман өрттері елдің бірнеше провинцияларында өршіп тұр. Олар: Джиджель, Сетиф, Беджайя, Аннаба, Тебесса, Блида, Буира, Бумердес, Гельма және Хеншела. Өңірлік биліктің болжамынша, өрт ыстық ауа температурасының салдарынан тұтанған, алайда кейбірінде қолдан от қойған болуы мүмкін. Тілсіз жауды ауыздықтауға Алжир әскерилері көмек көрсетуде.

Қазір оқып жатыр

Ресейдегі қауіпті инфекция Қазақстанға таралуы мүмкін бе: ДСМ жауап берді

дәрігер

Астанада қоғамдық көлік жолақысы 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

Автобус

Қызылорда облысында сот төрағасы мен судья 9 жылға сотталды

Бұрынғы сот төрағасы

Тоқаев экс-министр Азамат Есқараевты Үндістаннан алдырып, жаңа қызметке тағайындады

Азамат Есқараев