USD
USD
USD

Орман өртінен 1,25 миллиард жануар қырылды

Аустралиядағы 8,4 миллион га жерді шарпыған 1,25 миллиард жануарды қырып жіберген. Бұл туралы Әлемдік тылсым табиғат қорының (WWF) жергілікті бөлімі хабарлады.

Орман өртінен 1,25 миллиард жануар қырылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Аустралиядағы коала, кенгуру, қалталы ұшар, потору, какаду сынды жануарлар табиғи апат құрбаны болған.

Ғалымдардың айтуынша, ормандардың қайта қалпына келуі үшін бірнеше онжылдық керек. Ал кейбір жануарлар жойылып кету алдында тұр. Өрт толық біткен соң, жергілікті қор жануарлардың "үйін" қайта қалпына келтіруге, "2030 жылға қарай екі миллиард ағаш өсіру" жоспарына көмектесетінін жеткізді. 

Еске салайық, былтыр қыркүйек айында Жаңа Оңтүстік Уэльс штатындағы орманда басталған өрт салдарынан елде төтенше жағдай орнады. Өрт түтінінен мемлекеттік мекемелер, музейлер жабылып жатыр.  Өртке шамадан жоғары ауа температурасы себеп болған. Ол биыл рекордтық 42,9°С-ге жетті.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков