USD
USD
USD

Елімізде орыс тіліне мемлекеттік тіл мәртебесі берілейін деп жатыр ма?

Орыс тіліне мелекеттік тіл мәртебесі беріледі екен деген сыбыс кең тарап жатыр. Әсіресе, WhatsApp арқылы тараған хабарламалар халықты дүрбелеңге түсірді. Бұған «Бір ел – бір тіл» жобасы аясында жүргізілген сауалнама түрткі болып отыр. Жұрт арасында бұл биліктің құпия жоспары болуы мүмкін жорамал жиі айтылуда.

Елімізде орыс тіліне мемлекеттік тіл мәртебесі берілейін деп жатыр ма?
Фото: NEGE.kz

Сауалнама docs.google.com сайтында жарияланған. Онда «Сізді «Бір ел – бір тіл» жобасы аясында «Мен және Менің елімнің мемлекеттік тілі» сауалнамаға қатысуға шақырған. Қай тілде сөйлейтініңіз, қай тілде оқитыныңыз, тілдік ортаңыз туралы егжей-тегжейлі сұрастырылған.  

«Маңызды мәселе екен. Анкетаны толтырып қазақша деп жаза беріңіздер. Тілімізден айырылғанымыз – елімізден айырылғанымыз», – деп жазады бір мұғалім ата-аналарына жолдаған аудио жазбада.

Енді бір жазбада мекемелерге арнайы комиссия келіп, қай тіл басым екенін тексеріп жатқанын хабарлайды.

«Орыс ағайындар қол жинап: «Бізде бүкіл құжат орысша жүреді. Олай болса, орыс тілін мемлекеттік тіл жасайық» деп жоғары жаққа ұсыныс жасаған. Жоғарыда отырғандар шынымен солай болса, орыс тілін мемлекеттік тіл ретінде қабылдайын деп жатыр. Мемлекет басшыларынан бәрі шығады. Қарағанды жақта қазақтардың өздері орысша болсын деп қол қояды», – делінген екінші бір жазбада.

Кейбір деректер бойынша, көп қазақтардың өзі орыс тіліне дауыс берген. Таңға дейінгі сауалнама қорытындысы бойынша, орыс тілін қолдағандар 80 пайызға  дейін жеткен. Бұдан кейін аталған сайтқа кіріп, қазақ тіліне дауыс беруге шақырған ұрандар қаптап кетті. Елдің бәрі жапа-тармағай дауыс беріп жатқаны байқалады.

Бұл ақпарат енді фейсбук қолданушыларына арасында да дүрбелең тудырып жатыр. Әлеуметтік желіде де осы ақпарат өзекті тақырыпқа айналып кетті.  Өзі дауыс бергенін айтып, дауыс беруге шақырғандар күрт көбейді.   

Десе де, орыс тіліне мемлекеттік тіл мәртебесі беріледі екен деген ақпарат әлі ресми түрде жария етілген жоқ. Осы уақытқа дейін жоққа шығарған да ешкім болмады.

Қазір оқып жатыр

«Псевдо ұлт деу – артық»: депутат Танакөз ақынның жазбасы жайлы

бапи

«Ертең мың адам тағы барады»: Депутат шетелде соғысқан қазақстандықтарға жазаны жеңілдетуге қарсы

мұрат әбен

Ескертуді елеместен Таяу Шығысқа кеткен қазақстандықтар жауапқа тартыла ма?

Әлібек Қуантыров

Маңғыстаулық Ұлы Отан соғысының ардагері бейбітшілікті бағалап, болашақ үшін дұрыс таңдау жасауға шақырды

Маңғыстау облысы