USD
USD
USD

Ордабасы ауданынан аса құнды жәдігер табылды

Ордабасы өңіріндегі Қарабастау елді мекенінде аса құнды жәдігерлер табылды, деп хабарлайды Оtyrar.kz.

Ордабасы ауданынан аса құнды жәдігер табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мұны ауыл тұрғыны құрылыс жұмысын жүргізу кезінде 2,5-3 метр тереңдіктен көрген. Ол бірден қоладан жасалған 5 дана, тасқа ұқсас заттан қашалып жасалған 2 құнды жәдігерлерді Ордабасы қорық-музей қорына табыстады.

Археологтардың зерттеуі бойынша, мұндай жәдігерлер Түркістан облысы аумағында бұрын соңды табылмаған б.з.б. I мыңжылдықта өмір сүрген сақ дәуіріне жататын жәдігерлер болуы мүмкін. Жалпы қоладан жасалған екі жәдігерде архар жануарының бейнесі сомдалған.

Ал тасқа ұқсас заттан қашалып, ортасы жіп өткізілетіндей етіліп жасалған екі зат әйел адамның әшекей бұйымы, яғни моншақтың бір бөлігі екендігін аңғартады.

Қазір оқып жатыр

«Кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілерді бопсалаған»: Шымкентте блогер ұсталды

Шымкенттегі блогер

Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке үкім шықты

Қамшыбек Ташиев

«Қазселденқорғау» үш облыста сел жүруі мүмкін екенін ескертті

сел

Екі экс-министрдің арызынан кейін Гүлнар Бажкеноваға айыппұл салынды

Гульнара Бажкенова