USD
USD
USD

Оразаға үш күн қалды

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Бас мүфти Рамазан айында қандай жобалар жүзеге асырылатынын айтты.

Оразаға үш күн қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Өздеріңіз білесіздер, елімізде төтенше жағдай жариялануына байланысты мешітте жамағатпен оқитын намаздарға уақытша шектеу қойылды. Әр азаматтың өмірі мен денсаулығы қымбат құндылық болғандықтан, жұқпалы індеттің алдын алу үшін осындай шешім қабылдауға мәжбүр болдық. Бұл – уақытша сынақ. Жамағат намазы үшін мешіт есігі жабылғанмен, сауап пен ізгілік есіктері ешқашан жабылмайды. Хадисте айтылғандай, мұсылманның ниеті амалынан қайырлы. Онлайн режимде насихат тыңдап, үйден шықпай сауапты амалдарға ортақтасуға болады», - дейді ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Ол Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айында жамағаттың игілігі үшін қандай жобаларды іске асыратыны туралы айтты. «ҚМДБ www.muftyat.kz сайтына Рамазан энциклопедиясы қосымша парақшасы қосылып отыр. Бұл парақшадан Рамазан айы туралы толық ақпарат алуға болады. Еліміздегі облыс орталықтары, аудан, қала, кенттердің Ораза кестесі қазақ және орыс тілінде www.muftyat.kz сайтында орналастырылды.

Хикмет.тв студиясы арқылы 30 күн ораза бойы білікті имам, ұстаздарымыз «30 күнде 30 уағыз» атты онлайн дәріс жүргізіледі. Хикмет.тв студиясы арқылы күн сайын республикалық Хазірет сұлтан мешітінің қабырғасында бір сағат онлайн қатым оқылып, қасиетті Қадір түнінде құран қатым дұғасы жасалады. Сондай-ақ Муслим.кз инстаграм парақшасы арқылы имамдармен бір толқында дұға жасауға ниеттенген жамағаттың игілігі үшін Рамазан айының бірінші күнінен бастап күнделікті әр 15 минут сайын Хазірет Сұлтан мешітінің қабырғасында «Батаменен ел көгерер» атты онлайн режимде дұға жасап, батаға қатысу рәсімі ұйымдастырылады», - дейді ол.

Қазір оқып жатыр

«Есіктен есікке дейін»: өңірлерде «Әділет» партиясының сайлауалды акциясы өтіп жатыр

.

Никол Пашинян үкіметтің отставкасы туралы өтінішке қол қойды

Никол Пашинян

Алматыда жасөспірім қыз есірткі таратты деген күдікпен ұсталды

.

Тоғыз күнде 1500 шақырым: «Әділетті Қазақстан үшін» керуенінің аралық қорытындысы қандай?

.