USD
USD
USD

Ораза кезінде жамағатпен намаз оқылмайды

Вирус жұқтыруды болдырмау үшін Алматыда жамағатпен намаз оқылмайды. Уағыз-насихат жұмыстары онлайн түрде өтеді.

Ораза кезінде жамағатпен намаз оқылмайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Пандемияға байланысты мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айында  мешіттерде жамағатпен намаз оқылмайды. Бүгін Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында қаланың бас имамы Еркінбек Шоқай сөз сөйледі. Ол ораза ұстаудың рухани тәжірибесі туралы айтып, оны коронавирус кезеңінде сақтау туралы ұсыныстар берді.

Алматының бас имамы Еркінбек Шоқай мұсылман қауымын келе жатқан қасиетті Рамазан айымен құттықтады.

«Біздің халқымыз ежелден Рамазанды ерекше қастерлеп: «Он екі айдың сұлтаны», – деп атаған. Берекесі мол айда жарамазан жырын айтып, оразаның келгенін қуанышпен жеткізіп, насихаттаған», – деді Еркінбек Шоқай. Имам мұсылмандардың ораза ұстау парызы жайлы айтылған хадистерді тілге тиек етті. Сонымен бірге, биылғы жылы қасиетті Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталатынын хабарлады. Орталық Азия мүфтилерімен кеңесіп, ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сүйене отырып осындай шешім қабылданған.  

«Алғашқы тарауық намазы 12 сәуір күні оқылады. Биыл да қаламыздағы эпидахуалдың күшеюіне байланысты мешіттерде уақытша жамағатпен тарауық намазы оқылмайды», – деді қаланың бас имамы Еркінбек Шоқай. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда кейбір психологтар еңбек өтілінсіз жұмыс істей алады: жаңа стандарт бекітілді

Психолог

Доллар бағамы қайта өсті: теңге неге әлсіреді?

Халықаралық банктен қарыз тарту

Астанада сатып алушыларды 128 млн теңгеге алдаған автосалон директоры сотталды

Автосалондағы клиент пен сатушы

AI & Digital Bridge форумына бюджеттен бір теңге де жұмсалған жоқ – вице-министр

AI & Digital Bridge 2026