2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Ораза айтты үйде қарсы алатын болдық

Ертең мұсылмандардың ең маңызды мерекелерінің бірі басталады, деп хабарлайды Елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ораза айтты үйде қарсы алатын болдық
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы ҚМБД мәлімдемесіне сәйкес, Ораза айт мерекесін карантин жағдайында барынша сақтық шараларын сақтап, үйде қарсы алуға шақырды.

«Қадірменді елордалықтар, Алла тағала баршамыздың Рамазан айында ұстаған оразамызды қабыл етсін. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының мәлімдеуінше, биылғы Айт мейрамы мамырдың 24-не сәйкес келіп тұр. Бірақ өкінішке қарай, ел карантин жағдайында болғандықтан кеңінен атап өте алмаймыз. Әрбір мұсылман індеттің өршіп кету қаупі болғандықтан сақтық шараларына жіті мән беру қажет. Барынша отбасымызбен, үйде бірге өткізгеніміз дұрыс болады. Айтта туған-туыстарымызды, жақындарымызды құттықтау - мұсылманның міндеті. ҚМБД мәлімдемесіне түсіністік танытып, үйде болуыңызды сұраймыз», – дейді елорданың бас имамы өз құттықтауында.

Оның сөзіне сенсек, айт намазын оқи алмаған адам, оның орнына «Уад-духаа» намазын оқиды.

«Алла Рамазан айында жасалған ізгі амалдарымызды, ұстаған оразаларымызды қабыл еткей. Еліміздің тұғырын биік қылғай» деп түйіндеді елорданың бас имамы.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің отбасыларына жиналған қаражатты арнайы комиссия бөледі

Бозымбаев

«Жауапкершіліктен жалтармаймыз»: Қорғаныс министрі Каспийдегі трагедиядан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрі

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына кім және қандай көмек көрсетпек?

Қаза тапқан әскерилер

Рөлі істен шығуы мүмкін: Volkswagen мен Audi-дің 900 мыңға жуық көлігі кері шақырылды

Көліктер