Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ораз Жандосов Бағдат Мусиннің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды

Ұлттық Банк пен Қаржы министрлігінің бұрынғы басшысы Ораз Жандосов Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.

Ораз Жандосов Бағдат Мусиннің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Бағдат Мусин Facebook-парақшасында хабарлады.

Министр кейде маңызды шешім қабылдау үшін тәжірибелі кісілердің кеңесі қажет екенін білдірген.

"Маған кез келген сәтте консультация беретін аса тәжірибелі, өзім арқа сүйейтін кісілердің бірі - Ораз Әлиұлы Жандосов. Онымен Қазпоштада жұмыс істегенде танысқан болатынмын, ол кезде тәуелсіз директор болатын және Директорлар кеңесінің төрайымы Елена Леонидовна Бахмутовамен бірге маған тәжірибелік тұрғыда көп қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар жасаған еді. Сондықтан мен экономика саласының білікті маманы Ораз Жандосовқа штаттан тыс кеңесші болуға ұсыныс жасадым", - делінген жазбада.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық көлік бағыттарының маңызды бөлігіне айналып келеді

логистика

Каспий теңізі бетін майлы дақ басты: экологтар не дейді?

Каспий

25 тамыздан бастап электросамокатпен тротуарда жүруге тыйым салынады

самокат

Стример әйел TikTok-тағы эфирден кейін психикалық ауруханаға жатқызылды

стример