USD
USD
USD

Орамжапырақты экспорттауға тыйым салынған

 Елде ішкі сұранысты өтеу ету үшін орамжапырақтың экспортына тыйым салынған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Орамжапырақты экспорттауға тыйым салынған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бірақ Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне шығаруға рұқсат бар. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров хабарлады. Жалпы біздің бұл өнімді одақтас елдердің арасында ең көп тұтынатыны Ресей екен. Өткен екі күнде шаруалардан орамжапырақты экспорттауға байланысты 105 өтініш түскен екен. Жалпы диқандарға сырт нарыққа жалпы көлемі 1702 тонна өнім шығаруға рұқсат берілген. Алдағы күндері Ауыл шаруашылығы министрлігі ұн мен бидай экспортын ұлғайтуы мүмкін. ҚР ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров: "Біз кеше сәуір айының квотасын белгіледік. Бидайға 200 мың тонна, 70 мың тонна ұн. Мамыр айын алдағы уақытта қарастыратын боламыз. Жалпы жоспар бойынша ұлғайтуды көздеп отырмыз. Осылайша айына орташа есеппен 300-350 мың тонна болады деп болжануда", - деді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда түнде Ө. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайының төбесі опырылып түсті

Төбесі опырылып түскен студенттер сарайы

Қылғындырып, ішінен тепкен: жүкті әйелін қинағаны үшін сотталған ер адам жазасын жеңілдетуді сұраған

Жүктілік

Шекарада жүргізушілерден ақша бопсалаған: Жамбыл облысында қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Күдіктіні ұстау сәті

Михаил Ломтадзе: Kaspi.kz-тің мақсаты – клиенттерге арналған әлемдегі үздік AI-сервистердің бірін жасау

Ломтадзе