USD
USD
USD

Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай республикалық айтыс өтті

Алматыда Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына арналған аламан айтыс өтті. Сөз додасының үздігін ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман бастаған әділқазылар алқасы анықтады, - деп хаба

Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай республикалық айтыс өтті
Фото: NEGE.kz

рлады Tengrinews.kz.

Алматы, NEGE.Әділқазылар алқасының шешімімен республикалық айтыстың бас жүлде иегері атанған Мұхтар Ниязов 2.5 миллион теңгелік сертификатпен марапатталды. Қазірет Бердіхан І орынды жеңіп алса, ІІ орынның төріне Шұғайып Сезімхан мен Жансая Мусина жайғасты. Ал ІІІ орынды Серік Қуанған мен Төлеген Жаманов өзара бөлісті.

"Алатау" дәстүрлі өнер театрында өткен сөз сайысына еліміздің бетке ұстар 14 айтыскер ақыны қатысты. Олардың қатарында Әсем Ережеқызы, Жансая Мусина, Серік Қуанған, Аспанбек Шұғатаев, Шұғайып Сезімхан, Қазірет Бердіхан, Мұхтар Ниязов, Ардабек Ақбаба, Нұрзат Қаруқызы, Мейірбек Сұлтанхан, Ақниет Жұбаныш, Төлеген Жаманов, Ержан Әміров пен Фархат Марат бар. Кіл жүйрік бақ сынасқан сөз додасының тізгінін әйгілі айтыскер ақын Аманжол Әлтай ұстады.

Айтыс арасында композитор, этномузыкант, ҚР Мәдениет қайраткері Еділ Құсайынов өнер көрсетіп, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы Оралхан Бөкейдің "Қар қызы" повесі желісінде театрландырылған көрінісін сахналады. Сондай-ақ сөз додасын тамашалауға келген құрметті қонақтар мен игі жақсыларға мерейтойлық медальдар тапсырылды.

Сонымен қатар, Бошай Кітапбайұлының 10 жылдығына арналған арнайы жүлдені Әсем Ережеқызы еншілесе, Абай атындағы халықаралық қор тарапынан берілген жүлде Мейірбек Сұлтанханға бұйырды.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Мұнай

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

.

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

Дамир Ташкараев

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?

.