USD
USD
USD

Оралдық тұрғын Арменияда ұрланған автокөлікті заңдастырмақ болған

Оралдық тұрғын Арменияда ұрланған автокөлікті заңдастырғысы келген, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Оралдық тұрғын Арменияда ұрланған автокөлікті заңдастырмақ болған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметкері Дариға Мәжитованың айтуынша, 17 ақпан күні иесі заңдастыруға әкелген «Ford Explorer» автокөлігінің Арменияда ұрланғаны анықталды.

«Сонымен қатар 16 ақпанда»Шевролет Кобальт«автокөлігінің шанақ нөмірін қолдан жасау дерегі белгілі болды. Оның құжаттарында да сәйкессіздіктер бар. Екі автокөлік сақтау қолхатымен қазіргі иелеріне қалдырылды.

Аталған деректер бойынша ҚР ҚК 385-бабы 3-бөлігіне (көрінеу жалған құжатты пайдалану) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл бап бойынша айыпты деп танылған адам 160 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 160 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады» – деді Д.Мәжитова.

Қазір оқып жатыр

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті

100 млн теңге пара алғаны үшін бұрынғы шенеунік сотталды

Парақор шенеунік