USD
USD
USD

Оралдық құтқарушылар мен полицейлер күшейтілген жұмыс режимінде жұмыс істейді

Өйткені, тәжірибе көрсеткендей, мереке күні оқыс оқиғалар мен тәртіпбұзушылық деректері көбеюі мүмкін.

Оралдық құтқарушылар мен полицейлер күшейтілген жұмыс режимінде жұмыс істейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бүгін өртке қарсы қызметтің жедел басқару орталығына қоңырау жиі түсіп жатыр, деп жазды «Хабар24». Бұл – төтеншеліктер үшін үйреншікті жағдай. Олар сол себептен де алдын ала тас-түйін дайын отыр.

 Байланыс орталығына жауапты Асхат Қыдыров жаңа жылды жұмыс орнында қарсы алады екен. Азаматтық қорғаныс – қалғып кетуді қаламайтын шаруа. «Қайткенде де уақытпен санаспай еңбек етуге тура келеді»- дейді ол.

Асхат Қыдыров, БҚО ТЖД өрт сөндіру қызметі жедел басқару орталығының бастығы:

 - Жаңа жыл күнін біз жұмыста қарсы аламыз. Горизонт бойынша шамамен 160-170 адам төңірегінде түседі және 50-60 техника жұмылдырылады осы күнге. 19 жылдан бері қызмет етіп келе жатқаннан кейін бұл бізге үйреншікті жағдай.

Тәртіп сақшылары да күшейтілген режимде қызмет атқарып жатыр. Соның ішінде жедел тергеу топтарына жүктелген міндет ауыр. Аға криминалист Қолғанат Аққұнанов бүгін де жедел топпен бірге қылмыстық істерге қатысты тергеу жұмыстарын жүргізуде. Айтуынша, тәулігіне он шақты шақырту түседі екен. Өз тәжірибесінде ұрлық пен алаяқтық деректері көп кездескен. Жаңа жыл мерекесінде ол тәуліктік кезекшілікке түсіп отыр.

 Күшейтілген жұмыс режимі 4 қаңтарға дейін жалғасады. Қоғамдық тәртіпті қадағалауға полиция қызметкерлерімен қатар, ұлттық гвардия жауынгерлері де жұмылдырылған.

Қазір оқып жатыр

Екі экс-министрдің арызынан кейін Гүлнар Бажкеноваға айыппұл салынды

Гульнара Бажкенова

«Әділет» партиясы Қазақстанның барлық өңіріндегі филиал басшыларын жасақтады

"Әділет" партиясы

Атырау облысында жеті әкім қоқыс үйіндісі үшін жауапқа тартылды

әкімшілік жаза

Түркістанда жол апатынан полиция капитаны көз жұмды

Бауыржан Қонысбеков