USD
USD
USD

Оралдық кәсіпкерді өлтіргендерге сот үкімі шықты

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Руслан Қожантаев пен Тұрлан Амангелдіге қатысты үкім шықты.

Оралдық кәсіпкерді өлтіргендерге сот үкімі шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Аталмыш соттың баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, алқабилердің кесімі негізінде Р.Қожантаев пен Т.Амангелді ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі 5-7-тармақтарына (аса қатыгездiкпен, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы болып кісі өлтiру) сәйкес айыпты деп танылып, әрқайсысы 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге сотталды.

Соңғы сөзін сөйлеген сотталушы Руслан Қожантаев марқұм ресторатордың туыстарынан кешірім сұрады.

"Мен кінәмді мойындаймын, бірақ алдын ала сөз байласу болды және кісі өлтіру ерекше қатыгездік болды дегенге келіспеймін. Маған прокурор мен тергеушінің тексергені үшін емес, нақты істеген ісім үшін жаза тағайындауыңызды сұраймын", - деді ол.

Екінші сотталушы Тұрлан Амангелді де жәбірленушілерден кешірім сұрады.

"Қазылар алқасы әділ шешім шығарады деп сенемін. Мен Мұханғалиевті өлтірмедім. Барлығынан кешірім сұраймын", - деді сотталушы қысқаша.

Еске салайық, оқиға 6 тамызда кешке болған еді. Еркін Мұханғалиевтің мәйіті П.Атоян атындағы стадион тұрағынан табылған болатын. Сонымен қатар, кәсіпкерге кафеде шабуыл жасалғаны анықталды.

Кейінірек күдіктілердің жеке басы анықталды, олар - кісі өлтіргеннен кейін оқиға орнынан қашып кеткен 31 жастағы Руслан Қожантаев пен 21 жастағы Тұрлан Амангелді.

Полицейлер Оралдан шығатын және кіретін жолдарды тексерген, күдіктілер баруы мүмкін деген жерлер тексерілген. Қылмыскерлерді ұстауға күш құрылымдары жұмылдырылған.

Артынша оралдық кәсіпкерді өлтірген сәттің видеосы тараған еді. Кадрда кәсіпкердің екі жігітпен дәмханада қалай сөйлесіп жатқаны көрсетілген. Кенет жанжал басталып, жігіттердің бірі кәсіпкердің мойын тұсына пышақ сұғып алған. Содан кейін ол тағы бірнеше рет ұрады. Жарақат алған Мұханғалиев терезеден шығып үлгереді, бірақ олар қуып жетіп, көшеде тағы 15 рет пышақтаған. Кәсіпкер жедел жәрдем келгенше, қайтыс болған. Кейін бұл іс бойынша күдіктілер ұсталғаны хабарланды.

Қазір оқып жатыр

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент

«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады

Ким Кон Хи

Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады

Бейбіт Құсайынов