USD
USD
USD

Оралдық әйел кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікке тартқан

БҚО-да әйел кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікке тартқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оралдық әйел кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікке тартқан
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. БҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері Орал қаласындағы сауналар мен жалдамалы пәтерлерді тексеру бойынша рейд іс-шараларды өткізу барысында жезөкшелікпен айналысқандарды ұстады.

Оралдағы сауналардың бірінде 46 жастағы азаматша интимдік қызмет көрсету үшін 37 және 39 жастағы екі әйелді ұсынып, жеңгетайлық ұйымдастырған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 309-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ 53 жастағы әйел Орал қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде 17 жастағы кәмелетке толмаған жасөспірімді жезөкшелікпен айналысуға тартқан. Күдіктілер мұндай әрекеттері үшін 10-15 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы алған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 134-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді

Ақмарал Әлназарова

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.