USD
USD
USD

Оралда жаңа мектеп ашылды

Орал қаласында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді.

Оралда жаңа мектеп ашылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Елімізде соңғы жылдары апатты жағдайдағы мектептер мәселесін шешуге мемлекет тарапынан айрықша көңіл бөлініп келе жатқаны мәлім.

Осыған орай «100 мектеп бағдарламасы» аясында апатты жағдайдағы 33-орта мектептің орнында жаңа ғимарат бой көтерді. Мектептің ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімі Ғали Есқалиев жиналған жұртшылықты Жаңа жыл мерекесі және осынау қуанышпен құттықтап, 1935 жылы салынған ескі ғимарат бұзылып, орнына жаңасы тұрғызылғанын атап өтті.

Өңір басшысы пандемияға, құрылыс материалдарының қыибаттауына қарамастан, нысанды уақтылы тапсырған мердігер ұйым «НұрКапСтройГаз» компаниясына ризашылығын білдірді.

Облыс басшысы атынан мектепке интерактивті панель тарту етілді. Жаңа мектеп ғимаратында 17 кабинет интерактивті тақтамен жабдықталған. Барлық оқу кабинеттері интернетке қосылған. Химия, биология, физика кабинеттері цифрлық зертханалармен жабдықталған, робот техникасы, хореография кабинеті, Smart бөлмелері бар. Сондай-ақ 20 орындық оқу залы бар мектеп кітапханасы, 70 орындық акт залы жұмыс істейді.

Қазір оқып жатыр

Аида Балаева Құрылтай депутаттарына қатысты сынның буллингке ұласып бара жатқанын айтты

Мәдениет және ақпарат министрі

Қазақстан – Қырғызстан шекарасында жүздеген жүк көліктері жиналып қалды

.

Алматыда электросамокатпен келе жатқан ер адам қаза тапты

Элеткрсамокат

18 жастағы Сәтпаевты «Бернли» бапкері бүкіл командаға үлгі етті

Дастан