USD
USD
USD

Оралда жалғызбасты ана үш баласымен аялдаманы паналап келген

Төрт жастағы екі егіз бала Қолдау орталығына, 11 айлық ұлы ауруханаға жатқызылып, әйелге жұмысқа тұруға көмек көрсетілді.

Оралда жалғызбасты ана үш баласымен аялдаманы паналап келген
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE. Оралда жалғызбасты ана аялдамада түнеп шықты. Термометр бұл күндері аймақта минус градустан төмен көрсеткіш көрсеткен, - деп жазды Tengrinews.kz. 

БҚО полиция департаментінің қызметкерлері тексеріс кезінде Ет комбинаты аумағындағы аялдамада жатқан балалы әйелді байқаған.

"Әйелдің барар жері болмағандықтан балалармен бірге аялдамада түнеген. Олар полиция бөліміне жеткізіліп жауап алынды. Кейін төрт жастағы екі егіз бала Қолдау орталығына, 11 айлық ұлы ауруханаға жатқызылып, әйелге жұмысқа тұруға көмек көрсетілді", - деп түсіндірді ведомство өкілі.

Полицейлер балалардың анасының ішімдік ішпейтінін айтты. БҚО денсаулық сақтау басқармасы сәбидің жағдайы қанағаттанарлық деп хабарлады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев

Астанада бір донор бірден үш науқасқа өмір сыйлады

Донор мен дәрігерлер

Қарағанды облысында бес жерде табиғи өрт сөндірілуде

Қарағанды облысындағы өрт аумағы